МЕРГЕНДЕР АНЫҚТАЛДЫ
Сайыстың түпкі мақсаты – қызметкерлердің спорттық даярлығын көтеріп, дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстауын қамтамасыз ету. Жарысқа 9 команда қатысып, үміткерлерге 25 метр қашықтықта қойылған нысаналарды белгіленген уақыт ішінде дәл тигізу талабы қойылды. Айта кетейік, бұл сайыс ішкі істер органдарындағы ең үздік мерген полицейді анықтап қана қоймай, тәртіп сақшыларының кәсіби дайындығына талдау жүргізуге де мүмкіндік береді.
Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша І және ІІ орындарды Жергілікті полиция қызметінің құрама командалары иеленді. Ал келесі жүлделі орынға кадр жұмыстары, арнайы даярлық және штаб басқармасынан құралған құрама команда тұрақтады.
Бұған қоса, сайыста ерекше дәлдігімен көзге түскен қызметкерлерге арнайы аталымдар табыс етілді. Атап айтқанда, «Жеңіске деген жігері үшін» аталымына департаменттің Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы, полиция майоры Азамат Оспанов лайық деп танылды. Ал «Үздік мерген» аталымы бойынша Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы Анықтау бөлімінің анықтаушысы, полиция лейтенанты Перизат Сәрсенбай марапатталды.
Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін бүгін әскери-қызметтік даярлық сабағы кезінде департамент басшылығы марапаттап, дипломдар мен естелік сыйлықтарды табыс етті.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі