Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ


    Қызылорда облысы аумағында 2018 жылдың 19-24 ақпан аралығында өткізіліп жатқан «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» акциясы барысында Жергілікті полиция қызметі Ювеналды полиция бөлімшесі мектеп оқушыларына арнап экскурсия ұйымдастырды. Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің тыныс-тіршілігімен танысуға, полиция қызметінің ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ете отырып ішкі істер органдарының  қызметін дәріптеуге бағытталған шара 21 ақпан күні өтті.
    Аталған шараның басты мақсаты – жасөспірімдерді полиция қызметінің қыр-сырымен таныстыра отырып кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Шараға 50-га жуық мектеп оқушылары қатысты.
    Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес шара аясында полиция қызметкерлері мектеп оқушылары үшін  департамент мұражайына және Жедел басқару орталығына танымдық экскурсия ұйымдастырған. Департамент тарихы, мәдениет, спорт саласындағы жетістіктері, қызметтік міндеттерін өтеу барысында қайтыс болған қызметкерлердің, ішкі істер органдары ардагерлерінің өмірінен сыр шертетін экспонаттармен, фотостендтермен, құнды кітаптармен таныстырып өтті. Бұдан кейін оқушылар топталып құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтайтын бейнекамералар орналасқан Жедел басқару орталығының ғимаратына барды. Қала өмірін, тыныс-тіршілігін көгілдір экраннан көрген  жасөспірімдер таңданысын білдіріп, естелікке суретке түсті.
    Шара соңында оқушылар бүгінгі күннен мол әсер алғандарын жеткізіп, осы бағыттағы шаралар жиі ұйымдастырылса екен деген ұсыныстарын білдіріп, полиция қызметкерлеріне көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.



22 ақпан 2018 ж. 940 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области