Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР ЖӘНЕ ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 20 ЖАС ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР ЖӘНЕ ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 20 ЖАС ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекеттік Рәміздер аллеясында «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мен «9 мамыр – Ұлы Жеңіс» мерекелері қарсаңында Ішкі істер органдарында абыройлы қызмет еткен ардагерлерге, оның ішінде соғыс ардагерлерінің ерліктерін ұлықтау мақсатында салтанатты жиын болып өтті. Шараға Ішкі істер органдарының Ұлы Отан соғысы ардагерлері, соғыс ардагерлерінің туыстары, Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, департамент басшылығы, жеке құрам және облыстық ішкі саясат басқармасы қызметкерлері қатыстырылды.
  Салтанатты шара Қазақстан Республикасы Әнұраны ырғағымен ашылып, ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың құттықтауы оқылды.
  Департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ғ.Төлебаев ардагерлерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, жеңімпаз ұрпақтың ерен ерлігі, халқымыздың шексіз қаһармандығы, ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы саналатынын атап өтті.
  Ардагерлеріміздің ықылас-пейілімен, ізбасарларының жүрегіне құйған жігер-қуаты мен озық ойларының нәтижесінде Қазақстан полициясы қызметкерлерінің қатары нығайып, өркендеп келеді. Мерекелік құттықтау сөз облыстық ішкі істер органдарының Ардагерлер Кеңесінің төрағасы, департамент бастығының кеңесшісі, полиция полковнигі Тұңғышбаев Серікбол Қуатбайұлына беріліп, осынау айтулы күнге орай ардагер полиция қызметкерлеріне жылы лебізін жеткізді.
Шара барысында Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлының марапаттау жайлы бұйрығы ресми түрде оқылып, министр бұйрығымен 13 қызметкер марапатталды. Қызылорда ОІІД бастығы полиция полковнигі Қ.Мұхитовтың бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарған, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен департаменттің 154 қызметкері марапатталды.
  Сонымен қатар, облыс әкімінің алғыс хатымен департаменттің 7 қызметкері марапатталды.
  Дәстүрге сай, мереке қарсаңында 20 жас маман ант беріп, құқық қорғау органдарының қатарына алынды. Полиция қатарына жаңа қосылған жас мамандар қызметті адал және абыроймен атқаруға, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандықтарын қорғауға салтанатты түрде ант берді. Департамент басшылығы полиция қызметкерлерінің қатарын толықтырған қызметкерлерді ант қабылдауларымен құттықтап, оларға қызметте сәттілік тіледі.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі                                     





05 мамыр 2018 ж. 1 281 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области