ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ ӘМІРБЕК ШАЙМАҒАМБЕТОВ ЗЕЙНЕТКЕРЛІККЕ ШЫҚТЫ

Өз құттықтау сөзінде Қайрат Болатұлы «Осы күні құқық қорғау саласының майталманы ретінде, құрметті демалысқа шыққаныңызға куәміз. Ел үшін адал қызмет етіп абырой биігінен көріндіңіз. Сіздің өмір жолыңыз, атқарған қызметініңз – құқық саласының жас мамандары үшін үлгі мен өнеге» деп атап өтті.
Полиция полковнигі Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлы Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Жаңаталап совхозында дүниеге келген. 1985 жылы Өскемен жол-құрылыс институтын, ал 1999 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастары институтын бітірген.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 1987 жылдың желтоқсан айында Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінің Мемлекеттік автоинспекциясы (МАИ) бөлімшесінің инженерінен бастап, кейін осы бөлімшесінің аға инженері, Қызылорда ОІІБ-ның МАИ бөлімі жол-патрульдік қызметі жеке ротасының аға инспекторы, осы рота командирінің орынбасары лауазымына дейін көтерілген.
Ұйымдастырылған салтанатты рәсім барысында ұзақ жылдар бірге қызмет атқарған әріптестері сөз алып, жылы естеліктерімен бөлісті. Қызметтестері сала ардагеріне жылы лебіздерін білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті. 


