Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЛАЙЫҚТЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ЛАЙЫҚТЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ


    Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде  8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты  шара өтті.
    Оған Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан ардагерлер шақырылды. Салтанатты шарада ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың құттықтау хаты оқылды. Департамент бастығы Ғанибек Отарбаев қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқаратын әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтап, отбасыларына амандық, қызметтеріне жемісті табыс тіледі.
    Шара барысында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың бұйрығымен қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап,  үлгілі атқарғаны үшін ЗК-169/5 мекемесінің САТЖЖ бөлімінің аға инспекторы әділет майоры Р.Альтаева және ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының бұйрығымен Қызылорда қалалық Пробация бөлімінің инспекторы, әділет лейтенанты Г.Байсариеваға «Алғыс хат» табысталды.
    Ал департамент бастығының бұйрығымен зейнеттегі ардагерлер мен еңбегімен көрінген бірнеше қызметкерлер грамотамен және Алғыс хаттармен марапатталды.




07 наурыз 2018 ж. 652 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области