ДЕПАРТАМЕНТ БАЙҚАУ ӨТКІЗДІ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық–атқару жүйесі департаментінде «Мен – Тәуелсіздіктің құрдасымын» атты байқау өтті.
Байқауға Тәуелсіздіктің төл құрдастары, ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің маманы Н.Көшеров, ЗК-169/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің әділет сержанты Н.Қайырбергенов, ЗК-169/4 мекемесінің мұрағатшысы И.Жаңбыршиева, ЗК-169/5 мекемесінің САТЖЖ бөлімінің жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты Б. Тәуекел қатысты.
Олар байқаудың «Таныстыру», «Қазақта тұңғыш...», «Суреттер сыр шертеді», «Сандар сыры», «10 тарихи қадам», «Менің өнерім» кезеңдері бойынша сынға түсті. «Қазақта тұңғыш...» кезеңінде ұлт тарихында әр саладан тұңғыш шыққан қайраткерлер туралы сұрақтарға Н.Көшеров пен И.Жаңбыршиева мүдірмей жауап берді.
Байқауға облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Ә.Бақытова, ҚАЖ департаментінің штаб тобының бас маманы С.Әбдамитова, ҚАЖД заңгері Б.Әбдиев қазылық етті.
Шара қорытындысы бойынша І орынды ЗК-169/4 мекемесінің мұрағатшысы И.Жаңбыршиева еншілесе, ІІ орынды ЗК-169/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің әділет қатарындағы Н.Көшеров, ІІІ орынды ЗК-169/5 мекемесінің САТЖЖ бөлімінің жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты Б.Тәуекел жеңіп алды.
Д. ДОСТАНОВА,
ҚАЖ департаментінің
тіл маманы.