ЖАҢҒЫРҒАН ҚОҒАМДАҒЫ ЖАҢА БАСТАМАЛАР
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттер аясында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай жаза мерзімін өтеуші азаматтарға «Еліміздің еркіндігі-тәуелсіздік» тақырыбында мерекелік мәдени іс-шара ұйымдастырылды.
Шара еліміздің мемлекеттік Әнұранымен ашылып, ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу тобының бас маманы, әділет майоры Б.Омаров өз лебізін білдірді. Ол өз сөзінде жаңғырған қоғамдағы жаңа бастамалар жайында айтып, қазір осы бағытта атқарылып жатқан жаңалықтарға тоқталып өтті.
Жаза мерзімін өтеуші азаматтарға облыстық филармониясының өнерпаздары мерекелік концерт қойды.
Мерекеге орай «Тәуелсіздік» тақырыбындағы қабырға газеті шараның сән-салтанатын арттыра түсті.
Шара соңында жоспарға сәйкес жаза мерзімін өтеушілер арасында әртүрлі спорт түрлерінен /шахмат, дойбы, қол күрес,/ сайыстар өткізілді. Бұл жаза өтеп жүрген азаматтардың мереке күндерін мәнді де мағыналы өткізіп, өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінулеріне оң әсерін тигізді.
С.КИМ,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
ЗК-169/5 мекемесінің САТЖЖ бөлімінің бастығы
әділет майоры.