ЖАЗА МЕРЗІМІН ӨТЕУШІЛЕРМЕН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу бөлімінің маман психологы Ш.Кульбаеваның ұйымдастыруымен мекемедегі жаза мерзімін өтеушілерге «Достығымыз бірлікте» тақырыбында семинар - тренинг өткізілді. Тренингке Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Қ.Балтабайқызы қатысып, өмірдегі адамға ең қажетті дүниелердің бірі достық қарым –қатынас туралы тоқталып өтті.
Сондай –ақ тренинг барысында жаза мерзімін өтеушілерге «Есімім –ең әдемі сөзім!», «Сәлемдесу», Табиғат мінезі», «Жалғастырып көр», «Жүректен жүрекке» атты тренинг жаттығулары ұйымдастырылды. Тренингтің негізгі мақсаты жаза мерзімін өтеушілер арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлау, адал дос болуға шақыру. Шара барысында жаза мерзімін өтеушілер маман психологтардан кеңес алып, өздерін еркін сезініп, алған әсерлерімен бөлісті.