«МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ПОЛИЦЕЙІМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Үстіміздегі жылдың 16-20 қазан аралығында облыс көлемінде бала тәрбиесіне мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктер, прокуратура қызметкерлері, білім беру ұйымдары, әділет органдары, ата-аналар комитеттері, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының «Жас Отан» Жастар қанаты қоғамдық бірлестігінің, ҮЕҰ, жұртшылық пен БАҚ өкілдерін тарта отырып, «Мен және менің полицейім» атты акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – балалар мен ересектерді полицияның жұмысымен таныстырып, оң имиджін қалыптастыру болды. Сондай-ақ оқушыларды қоғамдық орындардағы жол жүру ережелерімен таныстыру болды.
Акция барысында оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу үшін Қызылорда ОІІД-нің мұражайымен таныстырып, көше қиылыстары мен көпқабатты үйлердің аулаларында орнатылған видеокамералардың жұмыстарын көрсетті. Сонымен қатар ОІІД-нің жедел басқару орталығында экскурсия ұйымдастырылып, ұрланған заттарды, жасырылған есірткі заттарын анықтайтын иісшіл иттер мен оларды бағатын полиция қызметкерлерінің жұмысымен, жергілікті полиция қызметінің жол патрульдік қызметкерлердің қызметтік автокөліктерін жұмысымен таныстырылды.
Сонымен қатар, облыс көлеміндегі білім беру ұйымдарында балаларға қоғамдық орындардағы, жолдардағы жүріс тұрыстың, таныс емес адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде мінез-құлықтың негізгі ережелерін үйрету мен «Полиция –дос және қорғаушы» тақырыбында әңгімелесу, дәрістер және тематикалық ойындар өткізілмек.
Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі