ЖАЗА МЕРЗІМІН ӨТЕУШІЛЕР АРАСЫНДА САЙЫС ӨТТІ
Рухани келісім күніне орай Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесі жаза мерзімін өтеушілер арасында «Білім – ырыс қазығы» атты интелектуалдық сайыс өткізді. Сайысқа қатысушы «Атамекен» және «Нартәуекел» топтарының білімі мен білігін Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мамандары А.Айдашқызы, Н. Болатбекқызы және Е.Көшеровтен жасақталған қазылар тобы бағалады.
Ұлт тарихы, қазақ хандары мен ел қорғаған батырлар, танымал ақын-жазушылар жайлы қойылған сұрақтарға екі топ мүшелері де толымды жауап беріп, сайысқа белсене қатысты. Сондай-ақ, шара барысында режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» көркем фильміндегі басты кейіпкер тарихшы Ермұхан Бекмұхановтың тарихи шындық жолындағы күресі жайлы да айтылды.
Жаза мерзімін өтеушілердің тарихымызға деген қызығушылығын оятқан осындай сайыс түрлері алда да жалғасады.
Д.АБЖАМИЕВ,
САТЖЖ бөлімінің теологиялық оңалту тобының
инспекторы, әділет аға лейтенанты