Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінде патриоттық тәрбие беру және мемлекеттік рәміздерге деген құрметін қалыптастыру мақсатында қызмет салаларының басшыларына және жеке құрам үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
  - Біздің елде бұл мемлекеттік мерекені 4 маусым күні салтанатты түрде атап өтеді. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің егемендігін, тәуелсіздігін айқындайтын символикалық айырым белгілері. 1992 жылы маусымның 4-і күні тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік рәміздерге: Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран кіреді. Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз мемлекет екенін көрсетті. Сондықтан ішкі істер органдары қатарында қызмет етіп жүрген әр қызметкер мемлекеттік рәміздерді, олардың қолданылу орны мен тәртібін білуі қажет, - дейді кадр жұмыстары басқармасы бастығының орынбасары полиция полполковнигі Баглан Бисен.
  Осы мақсатта жыл сайын дәстүрлі түрде 4 маусым – Рәміздер күніне орай Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінде және аудандық бөліністерінде мерекелік шаралар ұйымдастырылып, өткізіліп тұрады.
  Полиция қызметкерлері сапқа тұрғызылып, әнұран орындалып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметі көрсетіледі.                                   
                              
25 сәуір 2018 ж. 819 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области