Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРЖЫГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕН КҮН

ҚАРЖЫГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕН КҮН


         Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстанның Ұлттық валютасы – теңге күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Қаржыгерлердің кәсіби мерекесі ретінде аталатын бұл күн департамент қызметкерлеріне айрықша көңіл-күй сыйлады. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
          Мерекелік салтанатқа республикалық қаржы, салық органдарының ардагері, қызылордалық салық саласының қалыптасу кезеңінің айтулы тұлғасы Дайрабай Ысқақұлы Ысқақов келіп, қызметкерлерді құттықтады.
          Мұнан соң ардагер департамент басшысы Серік Мұстафаевқа қаржы органдарында және Қаржы министрлігінің жүйесінде үлгілі және жемісті жұмысы үшін  «Қаржы қызметінің үздігі»  төсбелгісін тақты.
          Дәл осындай төсбелгімен департаменттің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Әділбек Бекішев марапатталды.
          Қаржы министрлігінің Құрмет грамотасы аудит басқармасының басшысы Нұрлыбек Тәукеевке, Алғыс хаты Қызылорда қаласы бойынша басқарманың бас маманы  Ерлан Арыновқа табысталды.
          Бірқатар қызметкерлер департаменттің Құрмет грамотасына ие болды.
          Облыстың мемлекеттік кірістер органдары қаржыгерлер мерекесін лайықты табыстармен қарсы алып отыр. 2017 жылдың 9 айының қорытындысымен мемлекеттік бюджетке 72 млрд. 628 млн. теңгенің салықтары мен түсімдері өндіріліп, болжамды жоспар 113,2 пайызға орындалды. Азаматтардың өз кәсібін заңды жүргізуіне ықпал етіп, табыс табу мен салық төлеу мәдениетін қалыптастыру бағытындағы тынымсыз әрі жүйелі жұмыстардың нәтижесінде бюджет кірісінің қарқынын төмендетпей  қамтамасыз етіп отырған  сала мамандары бірнеше жыл қатарынан республикада алдыңғы қатарда келеді.  



16 қараша 2017 ж. 1 017 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области