МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ КАДР ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШІН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен мемлекеттік органдардың кадр қызметінің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет өткеру мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Еркебұлан Сарымбетов алғы сөзінде қатысушыларға семинардың мақсатын айтып, қатысушыларды жұмыс барысында кездесетін проблемалық мәселелерді талқылауға белсенді қатысуға шақырды.
Кадр қызметінің негізгі проблемалық мәселелері, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалар бойынша түсіндірмелермен Мемлекеттік қызмет басқармасының қызметкерлері сөз сөйледі.
Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Аида Жаңабергенова сынақ мерзімінен өту және тәлімгерлерді бекіту мәселелері бойынша түсіндірме беріп, сынақ мерзімінен өтуші мемлекеттік қызметшілер үшін бейімделу жоспарын қалай дұрыс әзірлеу керек екендігін әңгімеледі; Бас маман Мақпал Абтикерова кадр мониторингі бойынша тоқсандық есептілік туралы сөз сөйлеп, оны толтыру барысында қателіктерге жол бермеуге бағытталған шараларды ұсынды; Өз кезегінде, бас маман Мөлдір Қазбекова
«Е-қызмет» жүйесінің жұмыс істеуі және мемлекеттік қызметшілерді бағалау бойынша түсіндірме берді.
Түсіндірмелерден кейін, қатысушылар кадр қызметтерінің негізгі проблемалық мәселелерін талқылады.
Семинар соңында Еркебұлан Сарымбетов кадр қызметтерінің қызметкерлерін тығыз байланысқа шақырды және басқарма қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеру саласындағы проблемалық мәселелерді шешуге қажетті көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.