Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР АТАНУҒА НИЕТТІЛЕР КӨП

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР АТАНУҒА НИЕТТІЛЕР КӨП


     Биыл облыс бойынша 1 676 үміткер мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру үшін тестілеуге қатысты. Оның тек 661 немесе 39,4% оң нәтижеге қол жеткізген. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Еркебұлан Сарымбетов мәлімдеді.
    Ал, 750 адам алғаш рет құқық қорғау органдарына кіру үшін тестілеуден өтті. Оның 314-і (41,9%) шекті мәннен төмен емес нәтижеге ие болды. Жыл басынан бері облыс бойынша мемлекеттік органдарда 836 бос лауазымға орналасуға конкурс өткізілді.
    Конкурстарға 1 110 адам қатысып, орта есеппен бір орынға 1,3 адамнан келді. Нәтижесінде 504 үміткер бос лауазымдарға қабылданды.  
    Жалпы облыста 3754 мемлекеттік қызметші бар.

03 қараша 2017 ж. 796 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области