Қызылордада 17 жастағы қыз көпірден секірді
Қызылордада 17 жастағы қыз көпірден секірді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.
Сырдарияның қос жағалауын жалғайтын биіктігі 15 метрлік өткелден өзенге құлаған өрімдей өрен өз өмірімен қоштасқысы келген. Хабарлама түсісімен көмекке асыққан құтқарушылар ағыспен арпалысқан бойжеткенді жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазір қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Төтенше жағдай қызметінің мамандарының айтуынша, өткен жылы да осы көпірден адам секіріпті. Соңғы 3 жылда суицидтің 5 дерегі тіркелген.

«Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері бұл жағдай бойынша жедел жұмыс жасады. Департамент бастығы полковник Бержанов оқиға болған аумаққа келді. Мұндай суицид жағдайы биылға бірінші жағдай болып тұр. Жасөспірім неліктен мұндай жағдайға барғанына ішкі істер органдары тергеу амалдарын жүргізуде», - дейді оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов.