ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚҰТҚАРУ ЖАБДЫҚТАРЫН КӨРСЕТТІ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кен орнында орналасқан «Semser» АҚ Қызылорда филиалы тауда-құтқару қызметінің қызметкерлеріне құтқару жабдықтарын көрсетті.
Құтқарушылар адамдарды құтқару және төтенше жағдайларға жол бермеу үшін қажетті авариялық-құтқару құралдар мен жабдықтарды (кескіш, қысқыш, домкраттар, генераторлар, альпинистік құралдар және басқа да заттарды) көрсетті.
Мәселен, мұндай құрал-жабдықтар машинада қысылып қалса, жазатайым оқиға кезінде жәбірленушіні босату кезінде қажет. Сондай-ақ, осы құрал-жабдықтардың арқасында зардап шегушілерді зілзала астынан босатуға болады.
Құтқарушылар үнемі жауынгерлік дайындықта болуы керек. Құтқарушы мамандығы қауіпті және игілікті. Өйткені, күн сайын дер кезінде адамдар мен жануарларды төтенше жағдайлардан құтқаруда.
Тау-құтқарушылары үшін мұндай оқиға қызықты әрі өнегеге толы болды.