Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР СҚ ОБЛЫСЫНА КӨМЕК БЕРУ ҮШІН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР СҚ ОБЛЫСЫНА КӨМЕК БЕРУ ҮШІН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ


ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасы генерал-майор В.Беккердің өкіміне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты, сонымен бірге авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде жедел әрекет ету мақсатында 5 сәуірде Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағынан құралған күш-құралдар Солтүстік Қазақстан облысына жолға шықты. Құтқару тобын Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының басшысы Б. Ембергенов басқаруда.
  Күш тобы су соратын 6 мотопомпа, спутниктік байланыс, цифрлы радиостанция, 3 резиналы моторлы қайық секілді қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталды және өздерімен бірге 14 тәулікке жететін азық-түлік, жанар-жағар май алды.
  Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау майоры Ә. Марданов жолға шығар алдында құтқару тобына техника қауіпсіздігі туралы нұсқаулық өткізіп, жеке құрамға тапсырманы орындау кезінде және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды атқару барысында қауіпсіздік шараларын сақтау туралы жеткізді.


Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаменті

05 сәуір 2018 ж. 576 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области