Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Заңды тұлғаларды «Азаматтарға арналған үкімет» тіркейді

Заңды тұлғаларды «Азаматтарға арналған үкімет» тіркейді

Kyzylorda-news.kz. «Бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тиісті Заң ағымдағы жылдың 2 сәуірінде қабылданған болатын.
Заңға сәйкес, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және коммерциялық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (7 ұйымдық-құқықтық нысан) бойынша функциялар ҚР Әділет министрлігінің қарамағынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына 1 шілдеден бастап беріледі.
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаларды алғашқы тіркеу тіркеуші органның қатысуынсыз egov.kz электрондық үкімет порталында электрондық форматта жүзеге асырылады.
Тіркеу іс-әрекетінің қалған түрлері, атап айтқанда акционерлік қоғамдарды, мемлекеттік кәсіпорындарды, барлық коммерциялық ұйымдарды мемлекеттік қайта тіркеу, тарату, филиалдар мен өкілдіктерді есептік (қайта тіркеу) тіркеу қызметтері құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі туралықұқықтық сараптама жүргізуді талап етеді.
Сондықтан«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының заңгерлік білімі бар қызметкерлері арнайы оқытудан өтті. Қызмет іске қосылғаннан бастап заңды тұлғаларды тіркеумен барлығы 295 адам айналысады, олардың 95-і қалалық филиалдардың, 166-сы аудандық бөлімдердің және 34-і филиал бөлімшелерінің қызметін үйлестіріретін болады.
Айта кету керек, функцияларды мемлекеттік корпорацияның құзырына беру республикалық бюджеттен қаржыландырылмай жүзеге асырылады.
26 маусым 2019 ж. 493 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области