Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сингапурлық қонақ «Батыр аналармен» кездесті

Сингапурлық қонақ «Батыр аналармен» кездесті

Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданында саясаттанушы, жоғарғы мемлекеттік басқару мектебінің профессоры, Сингапурдың халықаралық жеке секторлар мен ақпараттық коммуникациялық компанияларының директоры, ақпараттық саладағы бірнеше халықаралық кітаптардың авторы Баскаран Наир Еңбек ауылдық округіндегі «Батыр аналар» ансамблінің аналарымен кездесті.
Облыс әкімінің кеңесшісі Динара Бисембина, аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаxанов және батыр аналар қонақпен бірге болып, қазақ xалқының салт-дәстүрлері туралы мағлұматтар беріп, ұлттық нақыштағы дүниелердің жасалу жолдарын көрсетті.
Өз кезегінде сингапурлық профессор Баскаран Наир дастарханнан дәм татып, аналардың өнеріне, шеберлігіне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.
Айта кету керек, «Батыр аналар» ансамблінде қазіргі таңда 14 батыр ана бар. Аналар тек ән шырқап қана қоймай, ұлттық нақыштағы дүниелерді жастар арасында кеңінен насиxаттап, жасалу жолдарын үйретуде. Қазіргі таңда «Батыр аналар» ансамбліндегі әжелер ауылдың 16 жас батыр анасына аманат табыс етіп, олар алғашқы жеке концерттерін өткізді.
26 маусым 2019 ж. 335 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области