Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мемлекет қазақстандықтардың несиелерін өтеп беруді қашан бастайды?

Мемлекет қазақстандықтардың несиелерін өтеп беруді қашан бастайды?

Kyzylorda-news.kz. 500 мың қазақстандықтың қарызын есептен шығару туралы Президент жарлығын орындау бойынша жұмыстар бірнеше айды талап етеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz.

Қазіргі таңда Ұлттық Банк Мемлекеттік несие бюросымен және ЕДБ-мен бірлесіп сандарды салыстырып, тексеруді бастайды.
«1 маусымдағы жағдайға сәйкес 300 мың теңгеге дейін әлеуметтік қолдауды алушы қарыз алушылардың санаттары бойынша, 1 шілдеде айыппұлдар мен өсімпұлдар туралы соңғы саны бойынша ақпарат аламыз. Бағдарлама операторының шарттары жасалып, тиісті сомаларды өтеуден кейін, біз Ұлттық банк ретінде, сондай-ақ, кейін сұрақтар туындамас үшін өтеу фактісі бойынша жүргізілгенін, кредиттік құжаттамада және кредиттік бюроның деректеріне әсер етпеуін бақылаймыз», - дейді Олег Смоляков.
Ол бұл үшін банкке барудың қажеті жоғын айтты.
«Банктерге барудың қажеті жоқ. Бұл жұмыс уақытты талап етеді. Менің ойымша, біздің жұмысымыз алдағы екі айда аяқталады", - деді ол.
Еске сала кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың 300 мың теңге көлемінде несие қарызын есептен шығаруды тапсырған болатын.

27 маусым 2019 ж. 398 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области