Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалықтар Арыстағы ағайынға қол ұшын созды

Қызылордалықтар Арыстағы ағайынға қол ұшын созды

Kyzylorda-news.kz. Түркістан облысының Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек көрсету мақсатында «Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалына қарасты барлық аумақтық филиалдарының ғимараттарында қабылдау бекеттері ашылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жерлерде 24 сағат бойы жергілікті тұрғындар тарапынан гуманитарлық көмекке қажетті киім-кешек, азық-түлік және тұрмысқа қажетті заттар қабылданып жатыр. Оның алғашқы легі көршілес өңірге жеткізілді. Сондай-ақ партия белсенділері мен облыстық, қалалық, аудандық филиалдарының қызметкерлері бір күндік жалақысын арыстықтарға көмек беру мақсатында ашылған арнайы есепшотқа аударған. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары мен ата-аналары да игі шарадан шет қалған жоқ.
«Балаларымыздың жанашырлығымен, өзіміздің ата-аналардың жанашырлығын көрсеткіміз келіп тұр. Осы жерде көмек ретінде, сол жақтағы кішкентай балаларды, олар аман болса екен, осы елімізде әрқашан тыныштық болса екен, бейбітшілік болса екен деп, әрі қарай тілейміз», - дейді қала тұрғыны Индира Маханбаева.

«Арыста болып жатқан оқиға барлығымызды толғандырды және де осындай көмек қолын көрсету үшін біз осы жұмысқа атсалысып жатырмыз. Және де Назарбаев зияткерлік мектебі әрқашан осындай жұмыстарға көмектесуге әрдайым дайын және де барлық қазақстандықтарды осы жұмысқа атсалысуға шақырамыз», - дейді оқушы Диана Кәміл.

28 маусым 2019 ж. 367 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области