Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛ БАЙТАҒЫ – АСТАНА

ЕЛ БАЙТАҒЫ – АСТАНА


    Қызылорда қаласында Елорданы Алматыдан Ақмолаға көшуіне 20 жыл толуына арналған салтанатты шара өтті.
    Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесімен 1994 жылы 6 шілдеде қабылданса, Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асқан болатын.
    Тарихи оқиғаға орай кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеудің салтанатты ашылу рәсімі өтсе, Елбасы «Алаштың анасы» деп баға берген Сыр елінің бас шаһары – Қызылорда қаласы да бұл тарихи шараны атап өтуде белсенділік танытты.
    Осыған орай, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ш.Байманов қатысқан салтанатты шарада тәуелсіз ел дамуында Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуында жоғары үлес қосқан әр сала мамандары марапатталып, жастар Астана қаласына арналған әндерден тарту жасады.
    Келер жылы 200 жыл толатын еліміздің алғашқы астаналарының бірі Қызылордада Астана қаласының 20 жылдығын атап өтуге арналған шаралар одан әрі жалғасатын болады.




12 желтоқсан 2017 ж. 819 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области