Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 3 шілде: Ел тарихында орын алған оқиғалар

3 шілде: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1915 жылы Түркияда бірінші қағаз ақша шықты.
1928 жылы сатылымға алғашқы теледидарлар шықты. Олардың бағасы 75 долларды құрады.
1995 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануын мәңгі есте қалдыру, қоғамды топтастыру, гуманизм, ұлтаралық татулық, қазақстандық патриотизм тәрбиелеу идеяларын көркем бейнелеу мақсатында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы» қаулысы шықты.
2008 жылы Елорданың 10 жылғына орай «Қызылорда-Алматы-Астана» веложорығы ұйымдастырылды.
2006 жылы Нұр-Сұлтанда Меценаттар клубы құрылды.
2007 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және Үкімет мүшелерінің қатысуымен «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» Мемлекеттік бағдарламасына кірген жобалардың жалпыұлттық тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге 9 өңір қатысты. Негізгі 7 бағыт бойынша 900 миллиардқа жуық теңгені құрайтын барлығы 20 серпінді жоба таныстырылды.
2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы төбесі жабық 30 мың орындық жаңа «Астана Арена» стадионының ашылу салтанатына қатысты.
Жабық стадион споршыларға қысы-жазы жаттығуларына мүмкіндік береді, ол УЕФА-ның барлық стандарттарына сай салынған.
Жасанды газон жамылғысы төселген футбол алаңы ФИФА мен УЕФА-ның стандарттарына толық сәйкес жасалған. Бұл стадионда футбол ойынынан бөлек спорттың күрес, бокс, спорттық гимнастика, дзюдо, каратэ сынды түрлерінен жарыстар өткізуге болады. Жаңа футбол стадионының ерекшелігі - 20 минуттың ішінде ашылып-жабылатын шатыры бар. Спутниктің және эфирлық антенналары бар теледидар желісімен, радиохабар эфирімен, отырыс залдары, баспасөз конференция залдары дыбыс күшейткіш және синхронды аудармасымен, таблосымен, телерадиокомментаторымен жабдықталған.
Көрермендердiң ыңғайы және сыйымдылығы үшін мiнбе екi деңгейде орналасқан: 16 мың көрермен - астыңғысында, 14 мың - үстіңгісінде, стадионның батысында VIP-орындар орналасқан. «Астана-Арена» стадионында Қазақстан ұлттық құрамасының Әлем және Еуропа чемпионатының іріктеу матчтары, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі ойындар өтті.
03 шілде 2019 ж. 348 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области