Жел болуы мүмкін
Kyzylorda-news.kz. 4 шілдеде түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ертең тәулік бойы солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с шаңды дауыл сақталады.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%. Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.