Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ

МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ


    Елбасының "Болашаққа бағдар: Руxани жаңғыру" бағдарламалық мақаласындағы басым бағыттарын жүзеге асыру мақсатында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жас кәсіпкер, "Сыр үміті" сыйлығының иегері, "Қазақстанның үздік тауарлары" өңірлік көрме-конкурсының "Өндірістік мақсаттағы үздік тауар" номинациясының иегері Оразай Қалымбетовпен кездесу кеші болып өтті. Кеш барысында оқушылар жас кәсіпкер қолға алған аяқ киім өндірісі саласындағы жұмыстармен танысты. Көкейде жүрген сұрақтарын қойып, шынайы, тұшымды жауап алды. Жас кәсіпкер Оразай Қалымбетов ұлт ұстазы Аxмет Байтұрсынұлы атамыздың "Білімді болу үшін - оқу, бай болу үшін - кәсіп, күшті болу үшін – бірлік керек" деген сөзін өмірлік қстанымына айналдырғанын  тілге тиек етті.
    Сонымен қатар, ол оқушылармен алда тағы бір кездесу ұйымдастыру жөнінде бастама көтерді. Сол шарада оқушылар әзірлеген бизнес жоспарлар талқыланады. Кәсіпкердің үздік деп танылған жобаға өз атынан жүлде тағайындағаны оқушыларды ынталандыра түсті.
 
12 желтоқсан 2017 ж. 1 119 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области