Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТЕАТР ДЕГЕН БІР ТЫЛСЫМ

ТЕАТР ДЕГЕН БІР ТЫЛСЫМ


    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Тұлғатану» тақырыбында тағы бір тағылымға толы, танымдық кездесу өтті.
     Бұл жолы жастармен кездесуге Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрының актеры, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Бақытбек Темірбеков келді.
    Шараға театрдың жас актерлерін ҚР еңбек сіңірген артисі Б.Алпысбаев бастап келді. Кеш қонағы – Бақытбек Темірбеков жастарға театр сахнасының тылсым сыры болатынын айтты. Туған жерге тағзым кез-келген жанның жүрегінде болу керектігі, өз мамандығына деген сүйіспеншілік, адалдық мәселесі де сөз болды.
     Студент-жастар, №10 «Білім-инновация» лицейінің оқушылары қатысқан кездесу өнерге құштар жандардың еркін сұхбатына ұласты.

25 қазан 2017 ж. 858 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области