БЕЛГІЛІ БЛОГЕР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Журналист, блогер Алмас Алтай жергілікті БАҚ өкілдері, баспасөз хатшылары, студенттермен кездесті. Шараны облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастырды.
Кездесуде блогер әлеуметтік желіде қоғамдық пікір қалыптастыру, белсенді болу тәсілдері туралы айтып, жаңа медианың мүмкіндіктері, азаматтық журналистиканың дамуына қатысты мәселелерді де қозғады.
Сондай-ақ әлеуметтік желідегі белсенділікке байланысты "Егемен Қазақстан" газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Е.Байтілес өз ойын ортаға салды. Басқосу барысында журналистер мен баспасөз хатшылары, студенттер тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, толымды жауаптар берілді.
А.Алтай журналистика саласында бірнеше жыл еңбек еткен. «Бірінші» арнада жүргізуші, «Қазконтент» АҚ-да бас маман, «Хабар» агенттігінде редактор, «Астана ТВ» арнасында тілші болған. Қазіргі таңда қазақ тілді белсенді блогерлер қатарында.