ӨЗАРА БАЙЛАНЫС ТҮРЛІ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында Азаматтық қорғау және шұғыл қызметтердің кезекшілік – диспетчерлік қызмет басшылары мен «Қызылорда еріктілері» қоғамдық қоры өкілдерінің кездесуі болып өтті.
Проблемалық мәселелерді бірлесе талқылауға арналған дөңгелек үстелде өзара байланысты нығайтудың маңыздылығы айтылды. Бірыңғай кезекшілік – диспетчерлік қызмет басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Н.Ибрагимов алдағы қыс мезгіліне шұғыл қызметтердің дайындығы туралы айтып, оқиға орындарынан ақпаратты жедел әрі нақты жеткізудің қажеттігі жайлы пікірін білдірді.
Сонымен қатар «2017 – 2018 жылдардың қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардан Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын қорғауға дайындау және ұйымдастыру туралы» ҚР Азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары – ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал – полковнигі Қ.Қасымовтың 2017 жылғы 17 қазандағы №690 бұйрығы жеткізілді.