Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ


    Құтқарушылар күнін атап өту мақсатында Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау Гарнизонының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданының №10 өрт сөндіру бөлімінде жиналыс өткізілді.
    Жиналысқа Жаңақорған ауданының әкімінің орынбасары С.Ыдырысов, Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Ш.Әшімов және Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау Гарнизонының қызметкерлері қатыстырылды.
    Жиналыс барысында аудан әкімінің орынбасары С.Ыдырысов Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау Гарнизонының қызметкерлерінің аудан аумағында орын алған төтенше жағдайлар мен төтенше жағдайлардың алдын алуға қосқан үлесін баяндады, «Құтқарушылар күні» мерекесімен барлық қызметкерлерді құтықтап, жұмыста табыс, дендеріне саулық тіледі. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары С.Ыдырысов төтенше жағдайлардың алдын алуға қосқан үлесін ескере отырып Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау лейтенанты Н.Нысанбаевты, Жаңақорған ауданының №10 өрт сөндіру бөлімінің қаруыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Е.Мүтәшті, аға өрт сөндіруші азаматтық қорғау старшинасы Қ.Ыбырайымовты, өрт сөндіруші азаматтық қорғау кіші сержанты Х.Төлегеновті, жүргізуші азаматтық қорғау сержанты Ж.Жұпарбаевты аудан әкімінің алғыс хатымен, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
    «Құтқарушылар күнін» мерекелеу қарсаңында «Жаңақорған тынысы» газетінің қызметкерлерін қатыстыстыра отырып, өрт сөндірушілердің арнайы техникалары мен арнайы құтқару құралдарының көрсетілімі ұйымдастырылды.
    Н.Нысанбаев,
    Жаңақорған ауданы ТЖБ инженері
    азаматтық қорғау лейтенанты


23 қазан 2017 ж. 1 043 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области