Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Авиакомпания Қызылордада болған әуе оқиғасын жасырып қалған

Авиакомпания Қызылордада болған әуе оқиғасын жасырып қалған

Kyzylorda-news.kz. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті әуеде жұмыстарды орындау үшін «Дельта Оңтүстік» Авиакомпаниясы» ЖШС-ға берілген куәліктің қолданысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Авиациялық апатты жасырғаны үшін мән-жай анықталып, тексеру өткізілгенге дейін Азаматтық авиация комитеті «Дельта Оңтүстік» Авиакомпаниясы» ЖШС-ға 2017 жылдың 3 наурызы күні авиациялық жұмыстарды орындау үшін берілген № KAZ-02/039 куәлігінің қолданысын уақытша тоқтатты», - делінген мәліметте.
Онымен қоса, Ан-2 ұшағын басқарған командир А.Абдуәлиев пен екінші пилот А.Елеусізов ұшуларды орындаудан шеттетілді.
«Белгілі болғандай, 2019 жылдың 2 шілдесі күні «Дельта Оңтүстік» Авиакомпаниясы» ЖШС-ға тиесілі UP-А0199 тіркеу нөмірі бар Ан-2 ұшағы Қызылорда облысының Шаған ауылында авиациялық-химиялық жұмыстарды орындаған. Қону кезінде ұшақтың алдыңғы бөлігіне қарай аударылуына жол берген. Адамдар және ұшақ зардап шеккен жоқ», - деді ведомстводан.
05 шілде 2019 ж. 309 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области