Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Air Astana» Токиоға апарады

«Air Astana» Токиоға апарады

Азаматтық авиация комитетінің шешімі бойынша Нұр-Сұлтан – Токио – Нұр-Сұлтан бағытындағы рейстерді «Air Astana» әуе компаниясы орындайтын болады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2019 жылдың 30 қаңтарында өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті «Эйр Астана» әуе компаниясын Нұр-Сұлтан – Токио – Нұр-Сұлтан бағытындағы тұрақты рейстерді орындау үшін Қазақстан Республикасының әуе тасымалдаушысы ретінде бекітілді.
Бұл ретте, Қазақстан мен Жапония аралығындағы тікелей рейстерді ашудың құқықтық негізі 2016 жылдың қараша айында қалыптасқанын айта кеткен жөн. Оған сәйкес, Қазақстан мен Жапония әуе компанияларының әр тараптан аптасына 14 рейске дейін орындау мүмкіндігі бар.
Биылғы жылдың екінші жартысынан бастап «Air Astana» әуе компаниясы Токиоға тікелей рейстер ашуды жоспарлап отыр. Ұшу жиілігі аптасына 2 рейс Boeing 767 ұшағымен орындалады.
27 наурыз 2019 ж. 511 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области