Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Партия белсенділері марапатталды

Партия белсенділері марапатталды

Kyzylorda-news.kz. Астана күні мерекесіне орай «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова партия қатарына жаңа мүшелерді салтанатты түрде қабылдап, бірқатар партия белсенділерін алғыс хаттармен марапаттады.

Құрмет төрінен көрінгендер қатарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды үйлестіру бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының магистрі, психолог Назира Аймаханова мен экология және химиялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының қандидаты Ләйла Жүсіпова бар.
Марапатқа ие болғандар алдағы уақытта да білім саласымен қатар аймақтың әлеуметтік және қоғамдық өміріне белсене араласып, Тәуелсіздігіміз нығая түсуі үшін халықпен бірге қажымай-талмай жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.
Жиын барысында Ақмарал Әлназарова барша жиылғандарды мерейлі мерекемен құттықтады.
«Астананың көшірілумен еліміздің сыртқы саясаты жаңа мəнге ие болды. Мемлекеттің сыртқы саясат қызметін жүргізуде бас қаламыздың дипломатиялық Астана ретіндегі мəртебесін, сонымен қатар әлемдік қауымдастық Қазақстан Елордасын әлемдік ауқымдағы саяси оқиғалар арқылы танығандығына нақты дәлелдер мен деректер келтіре жеткізіп, халықтың санасын жаңғыртқан жасампаз қаланың көшірілуі Елбасы тарапынан жасалған саяси батыл қадам», - деді Ақмарал Әлназарова.
05 шілде 2019 ж. 358 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области