Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: НАЗИРА АЙМАХАНОВА

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: НАЗИРА АЙМАХАНОВА


Қызылордалық Назира Аймаханова – «Қазақстандағы 100 жаңа есім» ұлттық жобасының ІІ кезеңіне үміткер ретінде тіркелді.
Назира Аймаханова – республикалық, облыстық деңгейде қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жасап, жастар саясатын дамыту жолында бірнеше әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Сол секілді психолог ретінде көптеген жандарға өз көмегін тигізген.
Назира Кенжебекқызы 1980 жылы 9 қаңтарда Жалағаш ауданы М.Шәменов ауылында дүниеге келген. Назира Аймаханова 2001-2005 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алған, педагогика ғылымдарының магистрі.
Н.Аймаханова Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде әр жылдары Студенттер кәсіподақ комитетінің төрайымы, Жастар саясаты және жастармен жұмысты үйлестіру бөлімінің басшысы, Кәсіби оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының оқытушысы, Гуманитарлық-педагогикалық институты деканының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
Н.Аймаханова қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласып, әр жылдары «Бақытты шаңырақ» орталығының меңгерушісі, «Самұрық иновациялық идеяларды дамыту» басқармасының жанынан ашылған зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге арналған «Қамқорлық» орталығының психолог маманы, «Тәрбие жұмыстары және жастар саясаты» бөлімінің мұражай меңгерушісі болып еңбек еткен.
2017 жылдан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды үйлестіру бөлімінің басшысы, «FOREVA» жеке тұлғалық қасиетті дамыту» мектебінің «Әйел бақыты» және «Жас көшбасшылар» курсы бойынша коуч-тренері болған.
Н.Аймаханова жастарға, жасөспірімдерге, отбасылық мәселелер бойынша психологиялық кеңес берумен, ұжымдық қарым-қатынас, тайм менеджмент, көшбасшылық қасиет, жеке тұлғалық қасиетті дамыту мәселелері бойынша семинар-тренингтер өткізеді.
Психология саласына байланысты бірнеше ғылыми мақалалары жарық көрген. Н.Аймаханова университет басшылығының, қала, облыс әкімдігінің алғыс хаттарымен марапатталған. Облыс әкімінің «Сыр үміті» жастар сыйлығының иегері.
18 қазан 2018 ж. 869 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области