Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: БОЛАТБЕК АХМЕТОВ

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: БОЛАТБЕК АХМЕТОВ


Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, рухани-мәдени кемелденуіне үлес қосқан тұлғаларды насихаттайтын «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңі басталды. Аталған жоба кәсіби салада жетістікке жеткен, өз дара жолы өзгеге үлгі болатын адамдарға арналған. Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асатын бағдарлама – қоғамдық сананы жаңғыртатын маңызды жоба. Оған ұсынылған үміткерлер тізімінде Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі директоры Болатбек Ахметов бар.
Ол 1965 жылы 26 қыркүйекте Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде жұмысшы отбасында дүниеге келген. Ол №70 қалалық кәсіптік-техникалық училищесіне «Тепловоз машинисінің көмекшісі» мамандығы бойынша білім алған. 1983-1986 жылдары оқу орнының жолдамасымен Уфа қаласындағы индустриальды-педагогикалық техникумына түсіп, бітірген соң аталған оқу орнында өндірістік оқу шебері, 1994-1997 жылдары аға шебер, 2003-2005 жылдары директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары, 2005-2010 жылдары директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2002-2005 жылдары Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетін «Мұнай және газ кәсіпшілік машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша бітіріп, инженер біліктілігін алған. 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі директоры болып тағайындалған.
«Теміржолдың жалпы курсы» оқу-әдістемелік кешен жұмыстарын жазуға қатысқан және АҚШ-тың «Дженерел электрик» компаниясының технологиясымен құрастырылған 7FDL двигателіне жаңа технологиялық әдіс бойынша сынама жұмыстарына басшылық жасаған. 2010 жылы республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілік берудің ғылыми-әдістемелік орталығының тапсырысы бойынша жасалған «СОБ электромонтеры» мамандығы бойынша тест тапсырмаларының авторы. Ол әр жылдарда оқу-тәрбие саласындағы жетістіктері үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Білім мен мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін «Абай аманаты», III дәрежелі «Еңбек даңқы» медальдарымен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен мараптталды. Б.Ахметов Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің материалдық-техникалық базасын заман талабына сай қайта жабдықтауға өз үлесін қосып келеді. Бүгінде оның бастамасымен салынған жылыжай аудан халқына қызмет жасап келеді. Сонымен қатар, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында оқу-жаттығу залының (фитнес клуб) және өлкетану мұражайының жабдықталуына ат салысты.
Айта кетейік, үміткер ЖМББС «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Вагондарды қараушы», «Жылжымалы құрамның электро-жабдықтарын жөндейтін слесарь-электрик» мамандықтары бойынша білім стандарттарын жазуға үлес қосқан.
17 қазан 2018 ж. 571 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области