Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 100 ЖАҢА ЕСІМ: «МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ»

100 ЖАҢА ЕСІМ: «МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ»


Елімізде «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңі басталды. Жобаның басты мақсаты – Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту. Бұл жоба әуелден үш мәселені шешуге бағытталған, біріншіден – Қазақстанның дамуына, әрбір жаңа белесті бағындыруына үлес қосып жатқан, ел тарихын жасауда тікелей улес қосып жатқан тұлғалармен қоғамды таныстырады; екіншіден – оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің жаңа мультимедиалық алаңын қалыптастырады; үшіншіден – «100 жаңа есім» жобасының әр өңірде баламасы болады.
Қызылорда өңірінен жобаға ұсынылап жатқан азаматтың бірі Скендіров Айдынбек Айтбайұлы.
Ол 1987 жылы 20 шілдеде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген. 2004-2006 жылдары Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжін «Заңгер» біліктілігін (үздік диплом) алып, 2006-2009 жылдары Қазақ-Қытай институтын «Тарих» бакалавры академиялық дәрежесі бойынша тәмамдаған. Білімі – жоғары. Қазіргі таңда Омбы гуманитарлық академиясының «мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығының магистранты.
Білім алған жылдары институттың Қазақстан Студенттер Альянсына жетекшілік етті. Қызылорда қаласындағы жоғары оқу орындарының медициналық пунктердің сапасын жоғарылатуға орай «Жан саулығы-тән саулығы» және «Қалың қалай, студент?», «Студенттік омбудсмен» жобалары бойынша жұмыстар жүргізген.
2009 жылдың қараша айынан бастап, Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамытыу бөлімінің «Жыраулар үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында маман болып қызмет атқаруда. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша қолға алынған келелі істерін жастарға насихаттау, тарихи мұраларымызды күтімге алу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, 2014 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Қармақшы аудандық бөлімшесінің және «Теміржол» БПҰ төрағасы, «Қармақшы Демеу» корпоративтік қорының директоры қызметтерін қоғамдық негізде атқарып келеді.
Айдынбек Айтбайұлы өз саласында жақсы жетістіктерге жетіп, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жетілдіру бойынша қосқан жаңашыл бастамалары үшін Қызылорда облысы жастарына арналған «Сыр үміті» сыйлығының иегері атанды. Сондай-ақ облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың «Алғыс хатымен», «Нұр Отан» париясының облыстық, аудандық филиалдарының және аудан әкімі мен басқарма басшыларының алғыс хаттарымен марапатталған. Сондай-ақ «Бейбітшілік Әлемі» (Планета Мира) Халықаралық творчестволық бірлестігінің «Мәдениет майталманы» медалімен марапатталған.
02 қазан 2018 ж. 655 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области