Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҮЗДІКТЕР СЫНҒА ТҮСЕТІН БӘЙГЕ

ҮЗДІКТЕР СЫНҒА ТҮСЕТІН БӘЙГЕ


«100 жаңа есім» жобасының II-кезеңі басталды. Байқауда бағын сынағысы келетіндер алдымыздағы 10 қыркүйекке дейін өз өтініштерін http://100esim.el.kz/kz порталына жүктей алады.
Үміткерлерді сарапшылар тобы сараптап, іріктейді. Өздеріңізге де белгілі, олар кәсіби ортада үлкен жетістікке жетіп қана қоймай, адами қасиеттерге бай болуы шарт. Ал жеңімпаздарды халық таңдайды. 20 қыркүйек пен 10 қазан аралығында үздік 100 жаңа есімнің қатарына енуге лайық, аймақтың айнасы болады деген үміткерге дауыс бере алады.
Биыл жобаның жұмыс тобы жастарға ерекше ден қойып жатыр. Бұл жоба ел арасында жүріп, өз ортасының көшбасшысына айналған, озық ойымен, білімімен дараланатын адамдардың көпшілікке танылуына мол мүмкіндіктер жасайды. Ал жастар өз замандастарының жетістігіне марқайып, «болмаса да ұқсап бағары» анық.
Айта кетейік, аталған жоба 2017 жылы бастау алған болатын. Өткен жылы қызылордалықтардан – Болатбек Баймаханов, Александр Подольских, Сымбат Әбдірахманова және Әсел Дәлиева үздіктер қатарынан көрініп, ел ықыласына бөленді.

Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы
04 қыркүйек 2018 ж. 622 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области