Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНА ІРІКТЕУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?

«100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНА ІРІКТЕУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?


«100 жаңа есім» жобасына үмітті кандидаттардың өтінішін қабылдау басталды. Биыл іріктеу қалай жүргізіледі, тәртібі туралы «Казконтент» АҚ басқарма төрағасы Евгений Кочетов баяндады:
«Әдетте қарапайым адамдар өздері жайлы көпшілікке жария қылғысы келмейді. Кейбір жеңімпаздар тіпті олардың кандидатураларын жобаға ұсынғанынан хабарсыз болған еді. Мысалы, жас нейрохирург Марат Саршаев тек журналистермен тілдескеннен кейін ғана, көп дауыс жинағандар қатарында екенін білді. Сол мезетте жоба аяғына жақындап қалған еді. Тағы бір мысал: өрт лаулап жатқан үйден үш баланы құтқарған «100 жаңа есім» жеңімпаздарының бірі – Ғалымжан Әлеуханов. Оның туған туыстары ерлігі туралы теледидар арқылы білген екен. Міне, ортамызда сондай сыпайы батырлар бар. Сондықтан осы жылы өзге шешімге келдік: кандидаттардың өтініштерін ұжымдар ұсынады.
Үміткерлерді ұжымдар арқылы ұсыну барлық салалар бойынша түрлі ұйымдарды ынталандыруға мол мүмкіншілік береді. Сондықтан енді жобаның жаңа кандидаттарын іріктеу институционалдық тұрғыдан жүргізіледі.
Біз салалық қауымдастықтар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерді Қазақстанның «100 жаңа есімі» жобасының іріктеуіне жеке және кәсіби жетістіктері бар кандидаттарды ұсынуларын сұраймыз».
17 тамыз 2018 ж. 740 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области