Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ


Еліміздің еңсе көтеріп, егемендік алуына елеулі үлес қосқан тұлғалар аз емес. Оларды ұрпаққа ұлықтап, ізгілікті істерін насихаттауда түрлі шаралар атқарылып жатқаны мәлім. Солардың бірі – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын атап айтуға болады.
Мақалада жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы ұсынылған болатын. Бұл жоба жайында Президент «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азамат болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп ескерткен болатын.
Осы жоба аясында Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «100 жаңа есім» жобасына енген қызылордалық «Ұлағатты есімдер» атты танымдық сағат болып өтті.
Оқушылар мен ауыл тұрғындары және кітапхана оқырмандарына «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы және осы жобаға енген тұлғаларды таныстыру мен қатар оқушылардың ақпараттық сауаттылығын дамыту мақсатында өткен шарада Қазақстанның селекционер ғалымы, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі, Қазақстандағы танымал ғалым-селекционер, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, қазақ күріш өсіру ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Александр Подольскихтің, Қазақстандағы трансплантологияда өте танымал есім, осы кезге дейін Қазақстанда жасалған бүйрек және бауыр алмастыру оталарының жартысына жуығы осы білікті дәрігердің қолынан өткен сонымен қатар, еліміздің бірнеше облысының денсаулық сақтау басқармаларына жетекшілік еткен маман А.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығының директоры Болатбек Баймаханов пен қазақ тілінде мультфильм құрастырған жас маман, аудармашы, психолог Сымбат Әбдірахманова сынды еліне қызмет еткен тұлғалардың өмірбаяндары мен атқарған қызметі туралы тың мәліметтерді оқырмандарға А.Акпар мен М.Құлмағанбетова таныстырды.
Шара барысында оқырман назарына жоба жайлы слайд және «Хабар» телеарнасы арнайы түсірген «Танымал тұлғалар» атты репортаждан бейнеролик ұсынылды.
Соңында оқырмандар «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сымбат Әбдрахманованың «Сиқырлы кілт» атты мултьфилімін тамашалады.
Сырдария ауданы
21 тамыз 2018 ж. 917 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области