Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАСТАР ТАБЫСҚА ЖЕТКЕН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІМЕН ТАНЫСТЫ

ЖАСТАР ТАБЫСҚА ЖЕТКЕН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІМЕН ТАНЫСТЫ


    Бүгін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Уақыт. Тұлға және бүгінгі бәсекелестік»  атты тарихи-танымдық шара өтті.  Бұл туралы «Рухани жаңғыру» орталығы хабарлады.
    Шара аясында «Табысқа жеткен тұлғалар» атты Қызылорда облысының өркендеуіне өз үлестерін қосқан  азаматтардың  жеке өмірінен фото-шежірелер, қоғамдық қызметтерінен естелік құжаттардан көрме ұйымдастырылған.  Көрмеге қатысушылар  видеороликтер арқылы танымал тұлғалардың отбасылық өмірінен, кәсіби біліктілігін  танытатын  еңбектерінен қызықты мәліметтермен  танысты.
    Сонымен қатар,  студент жастардың «Қазақстандағы 100 жаңа есім - жетістіктер тарихы» атты TED форматтағы  ғылыми-ақпараттық жұмыстарының презентациясы болды. Презентацияда  «Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты  жобаға енген Қызылорда облысының тұрғындарының 82 тұлғасы туралы танымдық-зерттеу жұмыстарының бейнематериалдары  ұсынылған.
    Көрмеге 2000 адам қатысты. Олардың арасында мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына қатысушылар мен жеңімпаздары, ұлттық қоғамдық орталықтардың өкілдері  болды.




16 ақпан 2018 ж. 981 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области