Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕҢ ТАҢДАУЛЫ ҮЗДІК ОҚУЛЫҚТАР

ЕҢ ТАҢДАУЛЫ ҮЗДІК ОҚУЛЫҚТАР

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «100 жаңа есім» жобасы іске асқан еді. Енді жастардың біліктілігін арттырып, әлемдік дәрежеде ойлау қабілетін, дүниетанымын дамыту үшін «100 жаңа оқулық»  бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынды.
  Биыл «100 жаңа оқулық» бағдарламасының алғашқы кезеңі басталып, 18 оқулықтың таныстырылымы өтті. Бұл оқулықтар – әлемдегі ең таңдаулы, жастардың дүниетанымын байытатын үздік оқулықтар. Түпнұсқадан қазақ тіліне аударылған оқулықтар қазақ тілін дамытып, өркениетке бетбұруының көрінісі болмақ.
  Мемлекет басшысы таныстырылым кезіндегі өз сөзінде:
  – «Рухани жаңғыру бағдарламасы жастарымыздың болашағы үшін іске асырылуда. Осы орайда, өскелең ұрпақтың оны жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысқаны аса маңызды. Біз бүгін тәуелсіздік жылдары қалыптасқан ғылыми-кадрлық әлеуетіміздің зор екеніне тағы да көз жеткіздік, – деді.
  Биылғы жылдың соңына дейін 30 кітаптың сапалы аударылуын, жоспарлы түрде өз мерзімінде орындалуын тапсырды. Гуманитарлық бағытта, психологиялық танымды кеңейтетін оқулықтардың қатарында Гарвард, Оксфорд, Кэмбридж университеттерінде қолданылатын кітаптар енген.
  Көпшілікке қолжетімді электрондық нұсқада оқуға болатын кітаптар арқылы адамдардың өмірге деген көзқарасын өзгертуге, дүниетанымын кеңейтуге, өзін-өзі дамытуға болады. «100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген алғашкы кітаптардың арасында тіл біліміне, экономика, әлеуметтану, т.б. арналғандары бар.
  Бұл қазіргі таңда ең қажетті оқулықтар саналады. Сондықтан бұл бағдарлама да еліміздің өркендеуіне ықпал етері сөзсіз.

Ж.ЖҰМАБАЕВ,
Сырдария аудандық мәслихат депутаты,
«Нұр Отан» партиясы депутаттық
фракциясының жетекшісі
28 мамыр 2018 ж. 769 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области