РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛУДЫҢ КЕПІЛІ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, бүгінгі қазақ қоғамын оятатын рухани жаңғыртуға бағытталған саяси-идеологиялық құжат болып табылады. Рухани ой-толғауда ұлттық құндылықтарымызға, елдік мақсат пен мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары жайлы баяндалған.
Аталған бағдарлама аясында Арал ауданында да атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.
Мақала аясында «Туған жер» бағдарламасын ілгерілету және үйлестіру бойынша аудандық сарапшылар кеңесі, жобалық кеңсе және «Арал ауданының 100 жаңа есім» жобасы аясында ауданымыздың әр саласында қызмет атқарған тұлғаларды айқындау жөніндегі жұмыс тобы құрылған.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сәйкес «Арал ауданының 100 жаңа есім» жобасы аясында тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, ауданның әр саласында қызмет атқарған тұлғаларды айқындау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткізіліп, «100 жаңа есім» жобасына өңірден Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен медицина, мәдени, спорт, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлес қосқан 17 азамат ұсынылды.
Сонымен қатар бағдарламаның «Тәрбие және білім» бағыты бойынша аудандағы барлық кітапханаларда «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылған. Акция аясында кітапханаға 300 дана кітап сыйға берілді. Сондай-ақ, «Бір ел бір кітап» акциясы аясында С.Торайғыровтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Асқақ арманды алаш ардағы», «Тұғыры биік тұлға» атты тақырыптарда поззия кеші, жыр кештері өткізілді. Осы бағыт бойынша білім беру ошақтары мен кітапханаларда 83 шара өткізіліп, іс-шараға 2490 адам қамтылған.