Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАҢҒЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС БАР

ЖАҢҒЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС БАР


    Ұлттық идеологияны қалыптастырудың кілті саналатын «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының маңызын түсіндіру бағытында да атқарылып жатқан жұмыс аз емес.
    Теңізді ауданда мақаланы түсіндіру мақсатында кітапханаларда тақырыптық шолу, ой-толғау, библиографиялық шолу, дөңгелек үстелдер мен отырыстар, спорттық сайыстар және әртүрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды.
    Елбасы қазақ халқын рухани жаңғыртуға бағытталған саяси-идеологиялық мақаласы аясында жалпы 160-тан астам мәдени шара өтті. Мақаланы халыққа насихаттау мақсатында қала, кент ауылдық округтерде 31 билборд ілінді.
    Мақала аясында Аманөткел елді мекенінде ақын Нұртуған Кенжеғұлұлының 130 жылдық мерейтойы, қалалық мәдениет үйінде Зейнолла Шүкіровтің 90 жылдық мерейтойына орай аймақтық ақындар айтысы, белгілі қоғам қайраткері, бұрынғы ҚазССР Балық шаруашылығы министрі Құдайберген Саржановтың 80 жасқа толуына орай мәдени шаралар өтті.
    Мәдениет үйінде аудан әкімдігі және аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру жолындағы құндылықтар» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болды.

15 желтоқсан 2017 ж. 631 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области