Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА»

«ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА»

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай, елбасымыз Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру, болашаққа бағдар» атты мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында, Қазақстан тарихы кафедрасы және Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Ерлік – елге мұра» атты іс-шара болып өтті.
  Елбасы өзінің мақаласында: «Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады. Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөз¬дің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуел-сіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнері¬мен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш. Сондықтан, оларды телевизиялық деректі туындылардың кейіпкеріне айналдыруымыз керек. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек.» - дейді.
  Осындай үлгі тұтар тұлғаларымыздың бірі, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер, Сыр өңірінің белгілі азаматы, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Бөрібай Құлманұлымен кездесу ұйымдастырылды.
  Кездесуді Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі М.Қараманова ашып, Ұлы Отан соғысының тарихи маңызына тоқталып, соғыс ардагерлерінің ерліктерін атап, Бөрібай атамызға шексіз алғысын жеткізді.
  Кездесуде Бөрібай атамыз соғыс кезеңіндегі естеліктерін айтып, студент жастарды Отанын сүюге, Отанының патриоты болуға шақырып, батасын берді.

03 мамыр 2018 ж. 807 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области