ТАРИХТЫ БІЛУ – ТАНЫМДЫ АРТТЫРАДЫ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай қалалық білім бөлімі К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектепте «Бүгінгі күніміз – ертеңгі тарих» атты дөңгелек үстел өткізді.
Онда Елбасы бастамашы болған рухани жаңғыру аясында оқушыларды өткенімізбен таныстырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту, оларды өз елінің патриоты болуға үндеу мақсатында архив құжаттарымен таныстыру шарасы ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» орталығының этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг бөлім басшысы Ержан Уайс, Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің бөлімінің басшысы Жанат Алтынбаева, қалалық жастар ресурстық орталығы мен қалалық архивтің мамандары қатысты.
Шара барысында Қызылорда облысының егемендік алғаннан бергі кезеңдегі жетістіктері жайлы айтылып, тақырыптық баяндамалар оқылды.
Мектеп ұстаздары мен оқушылар дөңгелек үстелге арқау болған тақырыптар барысында өз ойларын білдіріп, пікір алысты.