ЖАҢА БАСТАМА. ЖАҢА ИДЕЯ. ЖАҢА ҚАДАМ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай Қызылорда қалалық білім бөлімі №7 орта мектепте оқу - тәрбие үдерсін сапалы басқару мәселелері, білім сапасын арттыру жолдары мен басқару жүйесін қалыптастыруға арналған «Жаңа бастама. Жаңа идеялар. Жаңа қадамдар» атты ғылыми - практикалық конференция өткізді.
Оқу үдерісіндегі заманауи оқу технологияларының жаңа әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың білімін көтеру мақсатында ұйымдастырылған конференцияда мектептің пән мұғалімдері ашық сабақтар мен панорамалық сабақтар көрсетіп, баяндамалар оқыды.
Сонымен қатар, ұстаздар жаңа заманға аяқ басқан қоғамдағы білім үдерісі жайлы пікір алмасты. Елбасы бастамашы болған рухани жаңғыру аясында білім беруді елдің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді, әрі ұзақ мерзімді стратегиясына айналдыру жолдарын талқылады.