Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тұз өндірушілер ішкі нарықтың 91 процентін қамтиды

Тұз өндірушілер ішкі нарықтың 91 процентін қамтиды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы тұз өндіру, қайта өңдеу және байыту кешені әзір іске қосылмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, жоба биыл пайдалануға берілуі керек-тін. Алайда инвестор табылмаған. Жоспар бойынша кешен қуаты алғашқы жылдары 100 мың, екінші кезеңде 300 мың тонна өнімді құрайды. Құны 2,9 млрд теңге болатын жоба жүзеге асса, ішкі сұраныстың 20 процентін қамтитын еді. Қалған 80 проценті ТМД мен Орта Азияға экспортталуы керек.
Айта кетейік, елдегі тұз өндірісінің 98,5%-і – Сыр өңірінде, 2%-і – Жамбыл облысында, 1%-тен аз бөлігі Түркістан облысында шоғырланған. Қазақстан қыркүйек айынан бастап Ресейге, Өзбекстан мен Қырғызстанға азықтық тұзды, 2020 жылы ас тұзын экспорттайды. Бүгінде экспорт үлесі 74 проценті құрайды.
Жалпы, Қазақстанда тұзды сырттан тасу үдерісі азайған. Жыл басынан бері елдегі өнідіріс ішкі сұраныстың 91 процентін қамтыды. Бір ақпарат қоса кетейін. Елімізде 112 мың тоннаға жуық тұз өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ке артық.

09 шілде 2019 ж. 272 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области