Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 11 миллион адамның жеке мәліметтерін интернетке салған кім?

11 миллион адамның жеке мәліметтерін интернетке салған кім?

Kyzylorda-news.kz. Елімізде 11 миллион адамның жеке мәліметтерін интернетке таратқандар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Ktk.kz.

Болжам бойынша оны хакерлер немесе мемлекеттік органдардың бірінің қызметкері әдейі таратқан болуы мүмкін.
«Құқық қорғау органдары осы сұрақпен айналысып жатыр. Егжей-тегжейлі олар барлығын қарап жатыр. Бітірген соң, барлық ақпарат БАҚ өкілдеріне таратылады», - дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.
Миллиондаған азаматтың жеке мәлімітері ғаламторда жарты жылдан бері жүр екен. Оны құзырлы органдар енді ғана байқап, сақтық шараларын күшейтіп жатыр. Ашық қалған базада адамдардың толық аты-жөні, туған жылы мен күні, мекен-жайы тіпті жеке куәлігінің нөміріне дейін бар. Қазір кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы базаға кіруге шектеу қойған. Ондағылардың айтуынша, мәліметтер арам пиғылды адамдардың қолына тисе, түрлі әрекеттерге баруы мүмкін.
«Мәліметтерді қатаң бақылауда ұстау керек. Өйткені, түрлі алаяқтар біреудің атынан несие рәсімдеуі ғажап емес. Немесе кез-келген адамның мекен-жайы мен суреттеріне қол жеткізіп, бопсалайтындар да табылуы мүмкін», - деді Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығының директоры Арман Әбдірасылов.

09 шілде 2019 ж. 349 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области