Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 40-ҚА ЖУЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЙТҚА КИБЕРШАБУЫЛ ЖАСАЛҒАН

40-ҚА ЖУЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЙТҚА КИБЕРШАБУЫЛ ЖАСАЛҒАН


    Елімізде 40-қа жуық сайтқа хакерлік шабуыл жасалған. Бұл деректі Кибер шабуылдарды тексеру және талдау орталығының мониторинг жүйесі (WebTotem) анықтады.
    Бұзылған сайттар KZ домен аймағына тиесілі және «Wordpress» платформасында болған. Зақымданған сайттардың 15-ке жуығын «mohamed.xo» никін пайдаланатын хакер бұзған. Ол ресурстарды олардың PS.KZ компаниясындағы бір серверді пайдаланатыны байланыстырады.
    Қалған 25 сайтты «Am!Ne» никін пайдаланған хакер бұзған. Ол шабуылдаған сайттардың көпшілігі HOSTER.KZ ортақ серверінде, сондай-ақ  PS.KZ және IDNET серверлерінде болған. Бір қызығы, бұзылған сайттардың тек бесеуі ғана дефейс болғанын тәулік ішінде білдірген.
    «Серверлерге кіру мүмкіндігінсіз қандай шабуыл әдісі қолданылғанын кесіп айту қиын. Біздің Орталықтың сарапшылары «зақымданған» ресурстар жайлы алдын ала болжамдарын білдірді. Олардың айтуынша, ол сайттардың көпшілігінде рұқсатсыз кірудің бірнеше амалы бар әрі қорғанысының жалпы деңгейі төмен. Кибер шабуылдарды тексеру және талдау орталығы кәсіби мамандарға жүгінуге кеңес беріп, сайт иелеріне CMS және плагиндерін дер кезінде ауыстыру қажеттігін ескертеді», - делінген хабарламада.

20 ақпан 2018 ж. 632 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области