Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАҢА ЖЫЛ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ 10 ДЕРЕК

ЖАҢА ЖЫЛ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ 10 ДЕРЕК


    Жаңа жыл тұңғыш рет Месопотамияда тойланған. Ғалымдардың айтуынша, адам баласы алғашқы жаңа жылды біздің заманымыздан бұрынғы үшінші мыңжылдықта атап өткен Жаңа жыл барлығымыз үшін ерекше мереке. Әлемнің көптеген халықтары тойлайтын ортақ мерекенің тарихы да әр түрлі. Әр елдің тойлау дәстүрі де өзгеше. Қазақстанда да әр жылдың бірінші қаңтарына қараған түні — Жаңа Жыл мерекесін тойлайды. Дегенмен Жаңа  жыл мерекесінің шығу тарихын білгенімізбен, біз білмейтін қызықтары да болады.  Сондықтан National Digital History порталы Жаңа жыл туралы қызықты 10 деректі оқырман назарына ұсынады.  
    1.    Римдіктер үшін Жаңа жылдың алғашқы күні 1 қаңтар болып есептелінген. Римдіктер  бұл күнді ерекше тойлап, сәтті өткізу үшін барын салған. Мерекені тойлауды императорлары Юлий Цезарь жаңа күнтізбе енгізген.
    2.    Жаңа жылдық мерекені үйде отбасымен шырша безендіріп тойлау адамзат баласына 150 жылдан астам уақыт бұрын бұйырған.
    3.    Жаңа жыл тұңғыш рет Месопотамияда тойланған. Ғалымдардың айтуынша, адам баласы алғашқы жаңа жылды біздің заманымыздан бұрынғы үшінші мыңжылдықта атап өткен. Жаңа жылды тойлау межесі Тигр мен Евфрат өзендеріне су толып, егін шаруашылығының басталған кезіне тура келеді.
    4.    Бірқатар этнограф тарихшылар қыпшақтарда да шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады.
    5.    Орыстарда I Петрге дейін жаңа жыл мерекесі 1 қыркүйек күні тойланып келген.  Тек І Петр келген соң, 1 қаңтарға ауыстыруға үкім шығарған. Яғни 1700 жылдан бастап орыстар жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін енгізіп,  Ресейде жаңаша жыл санау басталған.
    6.    Әлемдегі ең үлкен жасанды шырша Шри-Ланканың астанасы Коломбо қаласында құрылған. Шырша миллиондаған бүршіктер мен жүздеген мың мерекелік алаумен көмкеріліп, болат шыбықтар мен сымдардан жасалған. Биіктігі 73 метрге жетеді.
    7.    АҚШ-та Ақ Үй алдында алғаш рет 1895 жылы шыршаға ілінген электрлі түрлі-түсті тізбек жанған.
    8.    Алғаш жаңа жылдық шыршаны безендіру ХVI ғасырда Германияның Эльзас қаласында бастау алған.  Ал кейбір жазбаларда шырша қолданысқа енбес бұрын Еуропа халықтары өз мерекелерінде пирамида пішіндес ағаштан жасалған құрылғыларды пайдаланғандығы жазылған. Олар бұл құрылғының сөрелеріне тәтті-дәмділер мен сыйлықтар қоятын болған. Ал кейбір елдерде шие ағашы - Жаңа жыл сәні болған.
    9.    Аустралияда жаңа жыл экзотикалық түрде өтеді. Қар, шырша, бұғы сынды мереке атрибуттары жоқ. Ондағы Аяз Ата Сидней жағалауына су киімімен келеді. Дәстүр бойынша оның киімінде ақ сақал және қызыл қалпақ болады.
    10.    Мұсылман мелкеттері оның ішінде  Египет, Ливан, Сирия, Біріккен Араб әмірліктері жаңа жыл мерекесін тойлады. Бірақ жаңа жыл барлық араб елдерінде тойланбайды. Мысалы Сауд Арабияда 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні жаңа жылды тойлайтын болсаңыз жауапқа тартыласыз.
     e-history.kz

29 желтоқсан 2017 ж. 1 322 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области