Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАЛАҒАШТА ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

ЖАЛАҒАШТА ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ


        Жалағаш кентінің орталық алаңында жаңа жылдық шыршаның салтанатты жағылу рәсімі өтті.
        Шара Аяз Аталар мен Қаршақыздардың шеруінен бастау алды. Елордамыз Астанадан бастау алған Жаңа жылдық шырша жағу салтанаты осылайша Жалағашта та жарасымды жалғасын тапты.
       Салтанатты рәсімде аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев құттықтау сөз алып, ауданның өткен жылдағы толағай табыстарымен бөлісіп, аудан халқын санаулы күндерден кейін келетін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аудан орталығынан орын алған мерекелік әсем шыршаның шамын облыстық, республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, №38 А.Бисенов атындағы мектептің 11 сынып оқушысы Ж.Бекболат және жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасы чемпионатында найза лақтырудан 2 дүркін ел чемпионатының жеңімпазы, №202 З.Жарқынбаев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы А.Қайратұлы жақты.
        Салтанатты шараға қатысқан көпшілік қауымға аудан өнерпаздары мерекелік көңіл-күй сыйлап, әсем әуенге бөледі.



27 желтоқсан 2017 ж. 854 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру